Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының медицина бағытындағы оқытушыларына арналған «Жаңа технологиялар арқылы сабақ өткізудің тиімділігі» атты облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің оқытушылары «Пирогов» интерактивті үстелі арқылы шетел тілін меңгерту», «Студенттердің шығармашылығын арттыруда жасанды интеллектінің рөлі», «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында жасанды интеллектінің артықшылықтары мен арнайы пәндерде кеңінен қолдану тетіктері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысқан Бопай ханым жоғары медициналық және Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі оқытушыларының пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, шара қорытындыланды.