Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 28 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг өтті.
Семинар мақсаты – ТжКББ ұйымдарының дебат жетекшілерінің шығармашылық белсенділігін, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты кеңінен насихаттау, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін дамыту және жас көшбасшыларға қолдау көрсету.
Өңірдің әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесін жаңғырту, маман даярлаудағы педагогтер беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында төмендегі озық тәжірибелі дебат жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
1. «Пікірсайыс клубтарын ұйымдастырудың маңыздылығы» тақырыбында Атырау қаласы өңірлік лига төрағасы А.Рамазан;
2. «ТжКББ ұйымдарында дебат клубтарын ашу ережелері мен құрылымы» тақырыбында Ақтөбе қаласы пікірталас орталығының жетекшісі Е.Тобылбаев;
3. «Дебат – тәртіп пен тәрбие алаңы» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Теректі колледжінің дебат жетекшісі И.Жумабекова;
4. «ЛД форматының ережелері» тақырыбында Маңғыстау туризм колледжінің дебат жетекшісі Ж.Қойшиева;
5. «Дебат клубтарын ұйымдастыру – біздің іс-тәжірибемізде» тақырыбында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Түменбаев;
6. (Tedx форматында) «Американдық парламенттік форматты – дебат жүйесі» тақырыбында Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің дебат жетекшілері А.Дәнекеров, А.Тағабергенова.
Шараға дебат жетекшілері қатысып және ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.