Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 ақпан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Орталық әдіскері А.А.Искендирова аталған бағдарламаның іске асырылу жолдарына, жалпы жасалынып жатқан жұмыстарына тоқталып, әдістемелік бағыт-бағдар, нақты ұсыныстар берді.
Семинар барысында:
- "Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықтарды жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы пайдалану" (М.Б.Аппазова, Ақтөбе қаласы №47 "Нұр-Ай" балабақшасының әдіскері);
- "Бестемше" ұлттық ойынымен таныстыру" (Ж.Ж.Әкімбаева, Ақтөбе қаласы №44 "Тұлпар" бөбекжай-балабақшасының әдіскері);
- "Ұлт құндылығын ұлықтаған "Парасат" әжелер мектебінің жұмысы" (Н.С.Нұрмағамбетова, Н.О.Хамзина - Ырғыз ауданы "Аққайың" бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері);
- "Бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру" (Ж.Табылдина, Темір ауданы Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі);
- "Мектепке дейінгі ұйымдарда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру жолдары" (А.К.Турсенбаева, Ақтөбе қаласы №12 "Інжугүл" балабақшасының тәрбиешісі) тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған шараға мектепке дейінгі ұйым, мектепалды даярлық тәрбиешілері қатысты.