Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз» атты онлайн облыстық семинар өтті. 

Семинар барысында Ырғыз аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері А.Оразымбетов «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі бойынша есебін берді. Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-нің кітапханашысы Қызбергенова Гүлғаным Әнуарбекқызы «Оқуға құштар жас ұрпақ – тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында баяндама жасады. Б.Алманов атындағы ЖББОМ кітапханашысы Боранқұлова Қаматай «Көркем әдебиет арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында мектепішілік кітап оқу жобасын таныстырды. Қарақұдық негізгі орта мектебінің кітапханашысы Зейнулла Ақелік Рәбілқызы «Кітап және оқу, дәстүр мен жаңашылдық» атты заманауи кітапхана туралы жұмыстарын таныстырып кетті.

Облыстық семинарды №1 қазақ ЖББОМ-нің кітапханашысы Диханова Нұрагүл Махамбетқызы «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз» тақырыбында мектеп бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асыру үшін атқарылған жұмыстарымен таныстырумен аяқтады.

Шара барысында диалог алаңы ашылып, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, семинардың қорытындысын шығарды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1