Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес «Сенім. Тірек. Кеңістік» жобасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында «Мобильді топтың жұмысын тиімді ұйымдастыру. Халықаралық тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының мобильді топ мүшелеріне арналған семинар практикум ұйымдастырылды.

Семинар практикумде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова алғы сөз алып, жоба аясында өтіп жатырған іс-шараларға бүгінгі мобильді топ мүшелерінің қатысып отырғанын және жоба аясында 2024 жылға білім беру ұйымдарында 16 тірек топтары құрылатынын атап өтті. Семинар модераторы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жубандықова өңірлік жобасының мақсатына білім беру ұйымдарындағы аталған мобильді топ мүшелері бірлесіп кешенді жұмыс атқарылғанда ғана білім алушылармен кездесетін түрлі мәселелердің алдын алуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарының рәсімделуіне басты назар аударды.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, Г.Б.Советова – «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық деңгейде Ресей, Канада, АҚШ мемлекеттерінде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламаларының тәжірибесі туралы ақпаратқа тоқталды.

Бөлімнің әдіскері психодраматерапевт М.Т.Жасжанова «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-қимылдар алгоритмі» тақырыбында әр мобильді топ мүшелерінің міндеттеріне жеке тоқталып, «Д.Стоттың бақылау картасы» әдістемесінің жүргізілу барысын айқындап түсіндіріп берді.

Семинар соңында қатысушылар жоба аясында мобильді топ міндеттері төңірегінде сұрақтар қойып, ол ашық диалог алаңында талқыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1