Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ата-ана мен бала: қарым-қатынас негіздері» тақырыбында педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге және ата-аналарға арналған онлайн форматта коуч-сессия ұйымдастырылды.

Оқыту семинарының модераторы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі Жубандықова Меруерт Күнболқызы «Үйлесімділік» өңірлік жобасының мақсатына сәйкес ата-ана, бала және педагогтар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру екендігін түсіндірді.  

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскерлері, М.Ы.Телағысова – «Ата-анамен бала қарым-қатынасының аспектілері» тақырыбында, отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына әсері жөнінде ғалымдардың зерттеуін ұсынып, өз тәжірибесімен бөліссе, психодраматерапевт М.Жасжанова «Ата-анамен бала арасындағы байланысты жақсарту» тақырыбында тепе-теңдік шеңберін, коуч-сессия сұрақтарын практика жүзінде көрсетіп, бөлім әдіскері М.Т.Сарсенгалиева адам өміріндегі қарым-қатынастың үш рөлі «Бала. Ата-ана. Ересек» Эрик Берннің зерттеуі тақырыбында өзгелермен қарым-қатынас құру барысындағы туындайтын мәселелерге көңіл аударып іс-тәжірибеде қалай қолданатындығын практикалық әдіспен көрсетті.

Семинар соңында ата-аналар сұрақтар қойып, алдағы уақытта осындай шаралардың жиі өткізілуіне өтініш білдірді. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1