2023 жылғы 26 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Нейро – ДЭИ: дене, эмоция, интеллект» тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңесі өткізілді. 

Шара барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығының мамандары өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Орталықтың психологі А.Тоқсанбаева баланың оқу барысында туындайтын мәселелерін, мектептегі үлгермеушілік және оқушының жаман мінез-құлқының себептерін баяндаумен бастады. Содан кейін ол баланың психофизиологиялық дамуының негізгі кезеңдері, мидың құрылымы және оның бөліктерінің функционалдық маңыздылығы туралы айтып кетті.

    Семинардың практикалық бөлімінде орталықтың дефектолог мамандары  Н.Хасанова мен А.Сатаева  практика жүзінде «Нейроойындар» жиынтығын көрсетті. Қатысушылар «Миға арналған гимнастика» кешенінен мидың жұмысын үйлестіруге, мидың қан тамырларын нығайтуға, кернеуді жеңілдетуге, зейінді белсендіруге және қозғалыстарды үйлестіруге арналған жаттығуларды орындады.

Семинарға облыстың психолог мамандары мен педагог – ассистенттер  қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 60.

Қорытынды бөлімінде қатысушылар өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1