2023 жылдың 1 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне орай білім беру ұйымдарының басшылары арасында облыстық «Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты дебат турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты:
- Мектеп басшыларының көшбасшылық қабілеттерін және зияткерлік әлеуетін дамыту;
- Қоғамдық-саяси өзекті тақырыптарды талқылауға қатыстыру арқылы азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;
- Конструктивті диалог пен пікірталас мәдениетін дамыту;
- Басқарушылық идеялар мен шығармашылық белсенділікті қолдау;
- Өз ойларын ашық жеткізу және ұстанымдарын қорғау қабілеттерін арттыру.
Турнирге қатысқан фракциялар өзара сындарлы пікірталастар жүргізіп, білім беру жүйесінің дамуына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Олар мектептегі басқару процестерін жетілдіру, көшбасшылықтың жаңа формаларын іздестіру және білім сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды. Әр фракция өз идеяларын жеткізіп, қоғамдық маңызды тақырыптар бойынша ойларымен бөлісті.
Турнирдің нәтижесі:
- I орын – Ақтөбе А фракциясы:
- №76 орта мектептің директоры Бегжанов Орынбасар Избасарович;
- №78 орта мектептің директоры Сейтмағанбет Жанар Есенғосқызы.
- II орын – Ақтөбе В фракциясы:
- Ақтөбе орта мектебінің директоры Каламов Газиз Каламұлы;
- №50 орта мектептің директоры Кенжебаева Анар Тулкибаевна.
- III орын – Қобда және Мәртөк фракциялары:
- Бестау мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, директоры Қабыл Әйтеке Серікұлы;
- Бегалы негізгі мектептің директор Даулова Жайнагүл Тұрланқызы;
- Сарыжар жалпы орта білім беретін мектептің директоры Есентаева Гульназ Конуспаевна;
- Хлебодар жалпы орта білім беретін мектептің директоры Жарекин Арман Мырзахметұлы.
Қалған фракциялар түрлі номинацияларға ие болды, бұл олардың да белсенді қатысқанын және өз үлестерін қосқанын көрсетеді. Дебат турнирі қатысушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды, бұл олардың кәсіби және көшбасшылық қасиеттерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.
Шара облыстық деңгейде жоғары бағаланып, мектеп басшыларының білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарға және өзекті мәселелерді шешуге деген талпыныстарының куәсі болды.