2024 жылдың 30 мамырында Ақтөбе облысы білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен арнайы білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық кадрларының шығармашылық белсенділігі және әлеуметтік-кәсіби қасиеттерін дамыту мақсатында «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі» атты республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға облыстың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 16 педагогі қатысты.
Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын байқаудың жалпы ережесіне сәйкес құзыретті әділқазылар алқасы бағалады.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Ерекше баланың үздік жеке даму бағдарламасы» номинациясы
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Бекмухамбетова Амина Утегеновна, Ақтөбе қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Ерғалымова Құндызай Рашидқызы, Ақтөбе қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Есбосынов Медет Саматұлы, Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы
«Үздік сабақ» номинациясы
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Молдашева Жадра Омирбековна, Ақтөбе қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Байниязова Ботакөз Жуматовна, Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психологі
«Педагогтің үздік бейневизиткасы» номинациясы
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Жаңбыршина Меңсұлу Ғалиқызы, Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
Нарегеева Жанар Есенкуловна, Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
АЛҒЫС ХАТ
1. Ертлекова Айгерім Шынбергеновна, Қобда аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психологі
2. Калиева Ляззат Мурзагалиевна, Қобда аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы
3. Муратова Тоғжан Айтжанқызы, Қалалық №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді
4. Айнабекова Эльмира Анатольевна, Қалалық №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психологі
5. Биржанова Динара Сабровна, Қалалық №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
6. Жетпісова Камила Ахмадиқызы, Қалалық №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
7. Иманалина Айкен Серікбайқызы, Шалқар аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
8. Юсупова Гулмира Аскаровна, Шалқар аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі
9. Бимахан Нұрсұлу Узақбайқызы, Шалқар аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психологі
Облыстық байқаудың «Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың үздік жеке даму бағдарламасы» номинациясы бойынша Ақтөбе қаласы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді Бекмухамбетова Амина Утегеновна жеңімпаз атанып, республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаз ұстаздарға жаңашылдық пен үздіксіз ізденіс, кәсіби даму мен шығармашылық табыс тілейміз!!!
Г.А.Айжигитова, Мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивтік білім беру бөлімінің әдіскері