Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен интернат тәрбиешілеріне арналған «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Семинар барысында: «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» көрмесі қатысушылар  назарына ұсынылды. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Есенғұл лицей-интернаттағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Даналық мектебі» клубының жұмысымен таныстырып, өз тәжірибесін ортаға салды. Интернат тәрбиешілері Р.Туреханова, Г.Елманова, К.Нугманова, Т.Алдонгарова ұлттық құндылықтарға бағытталған ашық сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар лицейдің дәстүрлі жобасына айналған «Ата-аналар жексенбілігі» жобасын интернат меңгерушісі А.Кушикбаева презентациялады. «Құндылықтар негізінде білім беру» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Кулымов іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тәрбиеші Б.Айетова мен ұйымдастырушы педагог Г.Имангалиева М.Әуезовтың «Абай жолы» романының үзіндісінен сахналық қойылым көрсетті. Семинардың түйіні ретінде лицей психологы М.Истигулова «Құндылықтар сөйлейді» рефлексиясын жасап, кері байланыс берілді. 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1