Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 9 қаңтарда  №1 Хромтау орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім беру ұйымдарының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар,  тәлімгерлер, сынып жетекшілер, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскер, психологтарына   арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  іске асыру тетіктері мен перспективасы тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Танирбергенова Анар Шынболатовна мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  бөлім  меңгерушісі  Наренова  Айман Музафаровнаның қатысуымен кездесу өтті.  Кездесу барысында А.Ш.Танирбергенова  ағымдағы жылы білім беру ұйымдарында  қолданысқа енгізілген  Біртұтас тәрбие бағдарламасын  толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсат, міндеттеріне тоқталды. Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.   Осы бағыттағы жұмысты атқарып жүрген практик мамандар
ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп  тәрбиелеудің  тиімділігін  талқылап, пікір алмасты.

    «1_arna_telestudiya» мектеп телестудиясының жас тілшілері, №1 Хромтау орта мектебінің оқушылары,  Тәңірбергенова А.Ш. сұхбаттасты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1