2024 жылғы 16 қазан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Мәртөк ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар - практикум өткізілді.

Семинар тәрбие үрдісінде балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада ауданның балабақша тәрбиешілері Алтыбаева Сабила Темирбаевна, №1«Тополёк» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі «Жайлауға саяхат»,    Нысанбаева Гулия Аткелтировна, №5 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі «Түрлі-үсті асықпын, Ойнауға тым асықтым!», Кунгратбаева Алия Шынжырбаевна, «Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешісі «Смарт бала жобасын» құрастыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті.

Әрі қарай  Иулдашева Азиза Файзуллаевна, №12 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі «Ұлттық ойындар», Боброва Наталья Ивановна, №1«Тополёк» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі «Реализация программы «Біртұтас тәрбие» через совместную деятельность педагогов, детей и родителей», Газизова Ару Курмангалиевна, Ақтөбе қаласы №22 «Балдырған» бөбекжай-бақшасының әдіскері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритімі» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.                  

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1