2024 жылдың 30-31 қазан күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар клубтарының жетекшілеріне арналған «Үйірме жұмыстарының құжаттарын жүргізу және ұйымдастыру» тақырыбында екі күндік облыстық оқыту семинары оффлайн форматта өткізілді. Шараға 27 жетекші қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты: үйірме жетекшілерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға, құжаттарды дұрыс жүргізуге және үйірме сабақтарын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған практикалық дағдыларды дамыту болды. Сонымен қатар, жетекшілерге қазіргі заманғы әдістерді қолдану, құжат айналымының электронды жүйелерін пайдалану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша білім беру көзделді.

Семинар барысында үйірме жұмыстарының құжаттарын дұрыс жүргізу жолдары, соның ішінде үйірме журналының құрылымы, қатысу есебін жүргізу және есеп беру құжаттары бойынша сессиялар өткізілді. Үйірме жұмысындағы құжат айналымын автоматтандыру, соның ішінде электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану туралы түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

Оқыту семинарының практикалық бөлімі Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінде ұйымдастырылды. Семинардың практикалық сессияларында қатысушылар мектептегі үйірме жұмысының ұйымдастырылуымен танысып, нақты мысалдар арқылы құжаттарды дұрыс жүргізу, үйірме сабақтарын жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Қатысушыларға үйірме сабақтарын өткізудің тиімді тәсілдері көрсетіліп, заманауи электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану бойынша практикалық нұсқаулықтар берілді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қатысушылар өз пікірлерінде үйірме жұмыстарының құжаттарын жүргізу мен жоспарлау әдістемелері бойынша нақты және пайдалы ақпарат алғандарын атап өтті. Сонымен қатар, практикалық сабақтардың көмегімен үйірме жұмысын тиімді ұйымдастыруға қажетті дағдыларын жетілдіргендерін айтып, осындай семинарлардың жиі ұйымдастырылуын қалайтындықтарын білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1