2024 жылғы 1 наурыз күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің базасында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Заман талабына сай мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбында облыстық ғылыми-техникалық конференция өтті.

Конференция мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің шығармашылық ізденісін, зерттеушілік, танымдық қасиеттерін дамыту, аймақтық еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайда болашақ жас мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ету.

Конференцияда барлығы 65 студент «Мұнай және газ өнеркәсібі», «Ақпараттық жүйелер», «Электр энергиясы», «Автомобиль көлігі», «Құрылыс» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғап, бақтарын сынады.

Қатысушылардың жұмыстарын АО «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», ЖШС «Қазақтүрікмұнай», ЖШС «Ақтөбеқұрылыспроект», ЖШС «Энергосистема», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушы, магистр, доцент мамандарынан құрылған қазылар алқасы бағалады. 

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1