2024 жылғы 22 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Мәртөк ауданының №1 «Тополек» бөбекжайының тәрбиешісі, шығармашылық шеберханасының жетекшісі Татьяна Александровна Козловскаяның «Тәрбие – білім беру процесінде ойын құралдарын қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы І отырысы өтті.
Облыстық шығармашылық шеберхана отырысын облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері М.Т.Муразгулова ашты.
Бұдан әрі шеберхана жетекшісі қатысушыларды 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Педагогтермен «Тәрбие – білім беру үдерісіндегі ойынның рөлі» тақырыбындағы сауалнаманы орындап, балалардың ойын іс-әрекетін басқару бойынша өз жұмыстарын қалай бағалай білуге болатындығына тоқталды.
Іскерлік ойыны барысында шығармашылық шеберхананың қатысушылары осы тақырып бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ойындар ойнап, сұрақтарға жауап бере отырып, педагогтер өздерінің шеберліктері мен ұжымдық жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істей білді.
Сондай-ақ, жасалынған рефлексия педагогтердің өз тәрбиеленушілеріне ойын әлеміне жол ашуын және оларды қызықтыруға деген ұмтылысын арттырды.