Орта білім беру ұйымдарындағы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметінің келешегін жоспарлау және жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми – практикалық институтының ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша «Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту» тақырыбында өңірлік семинары 1 наурыз күні өтті.

Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Д.Нургалиева Өңірде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының Ақтөбе облысы бойынша аға оқытушылары А.С. Тоқбасова, А.О.Елубаева «Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру, бала тәрбиесіне қатысу деңгейін арттыру, саралау және даралау принцптері негізінде ата-аналарға білім беру мазмұнын жаңарту» бойынша әдістемелік сүйемелеу көрсетті.

Тәжірибелік бөлімде Г.У.Мамутова, Ж.С.Тұрақбай, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары; Г.Б.Жумагазина, Ақтөбе қаласы №77 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; А.Б.Калдыбаева, Ақтөбе қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; В.Қ.Клюмова, Хромтау ауданы, Хромтау №2 гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

А.Наренова, қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің меңгерушісі

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1