Бүгінгі таңда заманауи мектептерде мұғалімдер арасында кең таралған технологиялардың бірі – дебат технологиясы. Білім беру технологиясы ретінде пікірталас білім беру міндеттерінің үлкен тобын шешуге мүмкіндік береді, олар: коммуникативті және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру; толеранттылыққа, басқа көзқарастарға төзімділікке тәрбиелеу; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; шиеленісті әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі реттеу және бақылау дағдыларын дамыту.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 ақпанында «Жеті қырлы – бір сырлы» атты Ақтөбе облысының мектеп директорларына арналған семинар-практикумы өтті.

Алғы сөз Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Скакова Жемис Бердигалиевнаға берілді. Ол өз сөзінде 2023 жылдың 6-7 желтоқсанында Атырау қаласында өткен Республикалық турнирдің жеңімпазы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің директоры Сұрағанов Дамир Шоқанұлына облыстық семинарға белсенді атсалысып қатысқаны үшін алғысын білдірді. Білім беру мектептерінде дебаттың маңыздылығын айта кетті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған республикалық турнирде жүлделі 3 орын алған Ақтөбе қаласындағы №47 орта мектептің директоры Ашыкбаева Жадырасын Шуиншалинаны тағы да бір мәрте құттықтап, кәсібилігі үшін ризашылығын білдірді. Тәжірибе алмасу, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету және нәтижелі білім беру ортасын құруда шаралардың маңызды рөл атқаратынын атап айтты.

Сұрағанов Дамир Шоқанұлы «Дебаттың мектеп басшысы қызметіндегі рөлі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Спикер ретінде Ашыкбаева Жадырасын Шуиншалина, сондай-ақ республикалық турнирінің қатысушылары Ырғыз ауданы №1 қазақ орта мектебінің директоры Махамбетов Қуанышбек Ертарғынұлы мен Мәртөк ауданы Хлебодаровка жалпы білім беретін мектебінің директоры Жарекин Арман Мырзахметұлы сөз сөйледі. Шара барысында олар семинарға қатысушылармен жасалып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1