Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні "Оңалту орталықтарындағы дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларға денсаулықты сақтау технологияларын тиімді қолдану" тақырыбында онлайн шебер-кластың екінші отырысы өткізілді.

Шебер-класқа ПМПК, ППТК және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, арнайы педагог (дефектолог), дене шынықтыру мамандары қатысты.

Шара барысында Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығының арнайы педагогі Р.А.Ахметова Оңалту орталықтарындағы денсаулықты сақтау технологияларының тұжырымдылығы, жүйелілігі, тиімділігі жайында жұмыстың маңыздылығына тоқталып өтті.

Оңалту орталығының мамандары өзара біріккен қызметін ұйымдастыруды және алға қойған мақсаттарды нәтижелі шешудің тиімді жолдарын практикалық жұмыс барысында көрсетті.

Сонымен қатар, шара соңында сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1