2024 жылғы 13 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын ұжым болып талқылау мақсатында өндірістік отырыс өткізілді.

Отырыста сөз алған орталық директоры Гүлайым Мұхамбетсадыққызы Аяпова жолдаудың басым бағыттарын атап, білімді жастарды тәрбиелеу мен оқытуда педагогтерді қолдау, әдістемелік сүйемелдеу қызметін одан әрі жандандыруды тапсырса, директордың орынбасары Халетова Дина Кашкинбаевна жолдаудың тәрбие бағытына тоқталып, білім алушыларды тәрбиелеудегі ата-ана, педагог, білім беру мекемесі арасындағы үздіксіз байланысты күшейту, "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" жаңа заң жобасы, білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының кеңістіктегі рөлі туралы баяндады.

Сондай-ақ, ТжКБ бөлімінің басшысы Гулназ Амирбековна Кулсейтова білім беру саласындағы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы, "Қарызсыз қоғам" жобасы, жұмысшы мамандықтардың әлеуетін көтеру үшін 2025 жыл еңбек адамының жыл деп жариялануы, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқытуды күшейтуде мемлекет басшысының басым бағыттарына тоқталып, баяндама жасады.

Қасиетті Отанымызды бірге өркендету мен сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталған стратегиялы жолдауға қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері ашық алаңында білдіріліп, отырыс қорытындыланды.

Жаңа кезеңге бастау алған жолдауды ұжым қолдайды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1