Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Психологиялық-педагогикалық түзету жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық шебер-класс өткізілді.  

Мақсаты–түзету жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мүмкіндіктері, ерте жастан дамуын бақылау шаралары және ақпараттық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.     

Іс-шараға 25 - тен аса арнайы (түзету) ұйымдарының әдіскерлері, психологтары мен логопедтері қатысты. 

Облыстық шебер-класс барысында №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагогтері өздерінің түрлі әдістері және тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы немесе қиындықтары бар балалармен жұмыс жасаудағы көз байланысын орнату», «Сенсорлық-интегративті әдіс-тәсілдерді түзету жұмысында қолдану», «Балалардың танымдық іс-әрекеттерін дамытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану», «Ерте жастағы балаларға және олардың отбасыларына көмек», «Баланы дамытуды үйренеміз», «Бірге өсіп, бірге дамимыз» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1