Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап - сарқылмас қазына» атты онлайн облыстық семинар өтті.
Семинар барысында: Темір аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері С.Кәдірова «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі бойынша есебін берді. №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Токкожина «Оқуға құштар мектеп – білім мен тәрбиенің бастауы» мектепішілік атқарылған кітап оқу шаралары туралы баяндады. Шұбарши ЖОББМ-нің сынып жетекшісі Г.Сейтмагамбетова «Оқуға құштар тұлғаны қалыптастырудағы сынып жетекшінің рөлі» мектепішілік кітап оқу жобасын таныстырды.Темір ауданының Шұбарқұдық гимназиясының кітапханашысы Б. Ұлықпанова «Кітапхана білімнің көзі» атты ата-аналарға арналған кітап оқу жобасы туралы атап өтті. Темір ауданының №3 Шұбарқұдық ЖОББМ-нің кітапханашысы Ғ. Кенжебекова «Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.