Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Ресурстық орталық: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» атты облыстық семинар өтті.

Онлайн тәртібінде өткен семинарға инклюзивті қолдау кабинетінің мамандары, ресурстық орталық және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 126-ға жуық педагогтері қатысты.

Шарада Ақтөбе қаласы №19 орта мектебі жанындағы облыстық ресурстық орталықтың мұғалімдері тәжірибесімен бөлісті.

Мектеп директоры Ж.Шабаров облыстық ресурстық орталықтың білімдік ресурстарын үйлестіру механизмдерінің маңыздылығына тоқталды. Аталған мектептің мұғалімдері ерекше білімді қажет ететін білім алушыларға жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін және оқытуда қиындықтары бар оқушыларға арналған тиімді ойын-әдістері мен тәсілдерін практика жүзінде көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын айтты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1