2024 жылдың 5 наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №2 қалалық ПМПК базасында «Педагогтің инклюзивті білім беру жағдайында білім беру әрекетіне дайындығын қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Барлығы 30-ға жуық педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивтік білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Жубаеваның алғы сөзімен ашылды.      

Шара барысында №2 қалалық ПМПК меңгерушісі Р.Ахметова педагогтің инклюзивті білім беру жағдайының бірқатар маңыздылығына тоқталып, ерекше білім беруде психологиялық-педагогикалық қолдаудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастырудағы нормативтік құжаттардың ережелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыруда дөңгелек үстел спикерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1