Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз Саммитінің аясында қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтеріне арналған «Балаларға қосымша білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында панельдік секциясы өткізіліп, балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңа технологияларды қолдана отырып жаңарту мәселелері талқыланды.

Сессия жұмысына off-line және on-line тәртібінде Zoom платформасында YouTube әлеуметтік желілері арқылы 600-ге жуық Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандары, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері, қалалық, аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру ұйымдарына жауапты әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары мен әдіскерлері, педагогтері қатысты.

Секцияның мақсаты – Қосымша білім беруде балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, олардың кәсіби бағдарлануы, ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтау және қолдау. Қосымша білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану. Ұйымдастыру барысындағы туындайтын сұрақтар мен мәселелерді талқылау.

Секция жұмысы барысында Ақтөбе облыстық білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Г.К.Бакиева мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.М.Нарегеева 2024-2025 оқу жылында қосымша білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу алгоритмімен, жаңартылған мазмұнымен таныстырып, кеңестер берді.

Панельдік сеccияның жұмысында қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, балаларды музыкалық, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге үйретудегі жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар, оқушылардың техникалық шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша түрлері, пәндерді кіріктіре оқытудың нәтижесі білім алушылардың шығармашылығын дамыту, домбыра аспабында STEAM технологиясын қолдану, бейнелеу өнеріндегі ART-технологиялар және компьютерлік модельдеу, қосымша білім беруде цифрлық технологияларды бағдарламалаудың мүмкіндіктері туралы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Алматы облысы, №178 мамандандырылған лицейдің информатика пәні мұғалімі, п.ғ.м. М.П.Дуйсенбекова, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, п.ғ.м. Г.Е.Махамбетова, Ақтөбе қаласы Қалалық шығармашылық техникалық орталығының директоры А.С.Сексенбаева, Қалалық жас туристер стансасы директоры А.И.Бекбергенова, Қалалық жас натуралистер станциясы директоры О.Т.Сенғалиев, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-ның домбыра класының оқытушысы Ж.Ж.Толеубаева, Шығармашылық Академиясының Көркемдік бейнелеу бөлімінің меңгерушісі, қосымша білім беру педагогі Э.Маратқызы, Қалалық көркемсурет лицейі директорының орынбасары, қосымша білім беру педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі Б.У.Копжасаров, Шығармашылық Академиясының педагог-ұйымдастырушысы Е.Е.Теңелов, Мұғалжар ауданы, А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән класы мұғалімі Г.Е.Тулеуова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Панельдік сеccия жұмысын қорытындылау барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.М.Нарегеева өз іс-тәжірбиелерінде шеберлік көрсеткен спикерлерге Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының атынан алғыс білдірді. 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1