Ағымдағы жылдың 12 тамызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар – мектепке дейінгі білім беру сапасына жаңа бағыт» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне арналған секция отырысы өтті.
Секция отырысы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін анықтау, озық тәжірибелерімен алмасу және педагогикалық үдерісте қолдануға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.
Отырыста Ақтөбе облысының білім басқармасы өкілі, ардагер ұстаз Р.С.Жамансарина «Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету жағдайы туралы» сөз сөйледі.
Ақтөбе қаласы №49 «Думан» IT-балабақшасының меңгерушісі А.Т.Саликованың «Балабақшадағы IT-технологиялар: жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктер» және №7 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Р.К.Суханберлиеваның «Жасыл ел – жасыл балабақшадан басталады» тақырыбында эксперименттік жұмыстың тұсаукесерімен жалғасты.
Ақтөбе қаласы №52 «Құлагер» балабақшасының меңгерушісі Г.С.Биртаева «Мектепке дейінгі білім беруде цифрландыру перспективалары», Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері М.К.Курмангалиева «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту», №21 «Кәусар бұлақ» балабақшасының меңгерушісі А.Т.Казмұханбет және №49 «Думан» балабақшасының әдіскері А.Х.Урынбасарова «ECERS-3 шкаласын қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік ортасын трансформациялау», «Рауан» жеке балабақшасының меңгерушісі С.С.Дошимова «ECERS шкаласы – мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасын кешенді бағалаудың оңтайлы құралдарының бірі» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Хромтау ауданы №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Р.У.Жолимова «Интерактивтік құрылғылар – балаларды дамытудың тиімді құралы», №49 «Думан» балабақшасының тәрбиешісі, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» 2023 жылғы республикалық байқауының ІІ орын иегері С.Б.Узакбаева «Үздік тәжірибе: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы тәрбиешінің ролі» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Әрі қарай, А.Б.Рахметова №33 «Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешісі «Балабақшадағы робототехника – болашаққа қадам» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, балалар арасында блиц-жарыс ұйымдастырды.
Отырыс облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері тарапынан қорытындыланып, 2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды.
Мурзагулова М.Т. – АОӘО әдіскері