Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы тарих және география пәндерінің жас мамандарына арналған "ZHAS PROJECT" облыстық педагогикалық креативті жобалар байқауын өткізді.

Байқау жас педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту, әлеуметтік маңызы бар білім беру зерттеулері мен жобаларын іске асыруға қолдау көрсету, жас педагогтердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсқа 7 топ, 20 жас маман қатысты.

Облыстық байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша жобаларды ұсынды: «Ұлы дала елі» бренд жобасы (ғылыми-зерттеу жұмысы, презентация), «Мен жаңа әлем жасампазымын» креативті идеялар жобасы (макет, эскиз, бейнеролик), «Туған өлке тарихы» – виртуалды саяхат, жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com.

Жобаларды қорғау кезінде мәтіннің бірегейлігі, өзектілігі, жаңалығы, жұмыс тақырыбы бойынша пайдаланылған ғылыми дереккөздердің толықтығы, тақырыптың даму дәрежесі, жаңа идеялар, компьютерлік анимацияны, бейне және аудио эффектілерді және басқа да дидактикалық әдістерді қолдану дәрежесі мен тиімділігі ескерілді.

Конкурс нәтижесі бойынша:

1 орын

– «Қонаев жастары» командасы (Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ, Е.А.Серікбаев, Р.А.Нұрадин, А.Қ.Ешмұқанова);

2 орын

– «Алға ұстаздары» командасы (Алға ауданы, Н.М.Жоламан, К.К.Жолдасов, А.М.Оразбаев);

– «Шалқар жастары» командасы (Шалқар ауданы, Ж.Т.Кенжалин, Б.А.Сатыбалдин, Т.Қ.Сүлейменов);

3 орын

– «Серпін» командасы (Әйтеке би ауданы, Д.А.Жалмырза, Ж.Қ.Танай, Ә.Ж.Муса);

– «Мәртөк жастары» командасы (Мәртөк ауданы, Ж.Ж.Орынбасарова, И.С.Убайдуллаев);

– «Ойыл жастары» командасы (Ойыл ауданы, А.Ананьева, А.Айтеков, Ж.Еркінова);

Сертификат

– «Темір тарландары» командасына (Темір ауданы, Н.А.Мұқанов, Қ.С.Шәймерден, Н.Ғ.Отызбаев) берілді.

Жас педагогтердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілген байқау жоғары деңгейде өтті.

 

Д.Н.Асан, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1