Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының зерттеушілік, танымдық қасиеттерін, жас ғалымдардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау, ғылыми-танымдық, ізденушілік белсенділіктерін ынталандыру мақсатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 10 – 25 желтоқсан аралығында III – өңірлік «Жас ғалым-2023» ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті.

Конференцияға Қызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан қатысқан студенттер  «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға», «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер», «Жаһандану мен индустрия­ландыру жағдайында жас мамандарды даярлауды дамыту», «Жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» бағыттары бойынша жобаларын ұсынды.

Ұсынылған  жобалар зерттеу жұмысы тақырыбының ашылу толықтығы, зерттеу тереңділігі, конференцияның негізгі идеяларына сәйкестілігі, қойылған және шешілетін мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, автордың дәлелдемелі көзқарасының болуы критерийлері бойынша нәтижесі бағаланып, үздіктер анықталды.    

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1