2024 жылғы 29 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар облыстық әдістемелік орталығының директорының орынбасары Д.К.Халетованың ТжКББ жүйесінде әр пән оқытушылары сабақ барысында білім алушылардың танымдық үдерістері мен жеке қызығушылықтарының дамуына ықпал етіп, топ ұжымын қалыптастыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталуымен ашылды. Сонымен қатар, колледж білім алушылары мен педагогтерінің оқу-тәрбие саласындағы жетістіктерін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Құндылықтар негізінде білім беру: теория және тәжірибе», Ақтөбе автожол колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Қ.Сарсембаева «Ұлттық құндылықтарды пән арқылы білім алушылардың бойына сіңіру», Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің әдіскері А.Ж.Ахметова «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.
Тәжірибелік бөлімде ТжКББ ұйымдарының озық тәжірибелі педагогтері Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Г.С.Елтезерова «Қоғамдық пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтардың маңызы», Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің математика пәнінің оқытушысы К.У.Тукешева «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды насихаттау» тақырыптарында шебер-класс көрсетуде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында орталығымыздың «Психологиялық-әлеуметтік қолдау» бөлімінің әдіскері М.Т.Сарсенгалиева «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді.
Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, қатысушылар жақсы лебіздерін білдіріп, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.