2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыты бәсекеге қабілетті түлекті дайындау, адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру  болып табылады.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 25 қаңтар күні ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты мамандарымен «Ұлттық құндылықтар арқылы ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысының оң имиджін қалыптастыру»  тақырыбында  өңірлік семинар өтті.

Әр облыстың әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

         Шара барысында озық тәжірибелі әр облыстың ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың алатын орны»,  «Құндылыққа толы қоңырау - колледжішілік жобасының тиімділігі»,  «Ұлттық құндылықтар - жастар көзімен»,  «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтарда»,  «Национальные ценности как основа воспитания современной молодежи»,  «Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері», «Жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқушылықтардың алдын алуға бағытталған психотерапиялық әдістер»  тақырыптарында  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр студенттің көшбасшылық ерекшелігін ашу, жастар бастамаларына қолдау көрсету бағытында топ кураторлар, педагог-психологтар,  дебат, клуб, үйірме жетекшілері, жастар ісі жөніндегі комитетінің  жұмысын жандандыру қажет екендігі айтылды.

          Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1