Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні Алға қаласы Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығында «Оңалту орталығындағы денсаулықты сақтау технологиялары» тақырыбында облыстық шебер-кластың қорытынды отырысы өтті.

Шебер-класқа ПМПК, ППТК және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, арнайы педагог (дефектолог), дене шынықтыру мамандары арасынан барлығы 20 педагог қатысты. 

Шара барысында Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығының арнайы педагогі Р.Ахметова оңалту орталықтарындағы денсаулықты сақтау технологияларының жыл бойы жасалған жұмысын қорытындылай келе, денсаулықты сақтау технологияларын қолданудың және кинезиологиялық ойындардың бірнеше түрлерін жұмыс барысында көрсетті. 

Сонымен қатар, шебер-класс аясында денсаулықты сақтау технологияларын тиімді қолдану мақсатында «Салауатты өмір салты ой жинағы» атты сырттай байқау ұйымдастырылды. 

Шара соңында Р.Ахметованың өткізген шебер-класына қорытынды жасалып, іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылып, озық тәжірибелерімен бөліскен педагогтер алғыс хаттармен, байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1