Ақтөбе    облыстық    әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманауи тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық шебер-класс  ұйымдастырылды.  

Мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманауи цифрлық технологияларды қолдану жолдарын үйрету, тәжірибе алмасу.

      Іс-шараға 25 – тен аса жалпы және арнайы мектепке дейінгі ұйымның  логопедтері, дефектологтары, тәрбиешілері қатысты. 

Облыстық шебер–класс  барысында Ақтөбе облысының білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасының логопед-мұғалімі Н.Генова «Дыбыстарды автоматтандыру кезінде сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалармен «Lego» қолдану тиімділігі», тәрбиеші А.Жолмагамбетова

«Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың танымдық ойын дағдыларын заманауи технологияларды қолдану арқылы дамыту»,  дефектолог-мұғалімі А.Жалгасбаева «Еңбек әрекеті арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылысы бар балалардың қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту», қазақ тілі мұғалімі Н.Турмухамбетова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1