«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде студентті жан-жақты дамыған жеке тұлға, өмірлік ұстанымы белсенді  азамат және бәсекеге қабілетті кәсіби шебер-маман ретінде қалыптастыру,  оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша оқу орнының ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту тәрбие жұмысының басты мақсаты болып табылады. 

          2023 жылдың 17 қараша  күні Темір ауданы Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасында «Бастауыш сыныптарда құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында   облыстық семинар-практикум  өтті. 

2023 жылы15 қараша күні Әйтеке би ауданы "М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің орыс тілі және эдебиет пәнінің мұғалімі Аманшеева Агила Жумыргожаевнаның  шығармашылық есебі өтті.Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы А.М.Наренованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Ақтөбе,Хромтау,Әйтеке би аудандарының орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты. Аманшеева А.Ж.шығармашылық есебінің аясында "Орыс тілі және әдебиет сабағындағы оқытудың белсенді формалары мен әдістері"тақырыбында шебер-класс өткізді.

Ағымдағы жылдың 16 қараша  күні Ақтөбе облыстық әдістемелік  орталығының жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы №32 «Қуаныш» балабақшасында «Жаңартылған Үлгілік оқу бағдарлама мазмұны аясында мектепке дейінгі жастағы  балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді. Шараға  балабақшалардың музыка жетекшілері қатысты.

2023 жылдың 14 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Наренова Айман Музафаровна Әйтеке би ауданының білім бөлімінің әдіскерлері,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және  класс жетекшілерімен онлайн /офлайн форматта кездесу ұйымдастырды. 

2023 жылғы 10 қарашада Байғанин ауданының Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебінде "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "ҚР спортының құрметті қызметкері", "Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі", "Байғанин ауданының құрметті азаматы" Тайжанов Сүгірәлі Тайжанұлы атындағы тарих кабинетінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті. Назар аударарлық жайт, бұл мектептегі үшінші арнайы кабинет (Баян Хамбетова атындағы математика кабинеті, Сәбит Баймолдин атындағы Қазақ тілі кабинеті) болып табылады. Мұның бәрі мектеп әкімшілігі мен ұжымның мектеп түлектерімен, ұрпақтар сабақтастығы, патриотизм және туған жерге деген сүйіспеншілік туралы тығыз жұмысының дәлелі. 

Тәрбие дегеніміз – адамгершілікке, мейірімділікке үйрету, маңызды өмірлік құндылықтарды сіңіру, жауапкершілік сезімін дамыту, өзгені құрметтеу, туған жерді сүю, өз елінің нағыз азаматы болу. Дәл осы бағыттағы жұмыстарды Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №2 гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Венера Қабидоллақызы Клюмованың жемісті атқаруда.

2023 жылдың 7 қараша күні «Балабақша жағдайында бейімделген білім беру бағдарламасын іске асыру» тақырыбында өткен облыстық әдістемелік семинар өтті.

    №1 Балалар музыка  мектебінің 80 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, музыка мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «80 жыл – 80 ғұмыр» жоспарына сәйкес «Самғатқан сан қыранды өнер ордам» атты шығармашылық концерт өтті. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна, Ақтөбе қаласы білім бөлімі, Әдістемелік кабинет директоры Сулейменова Ақманар Махмудовна  және Ақтөбе қаласының Кәсіподақ ұйымының төрағасы Уралбаева Лида Шайгазиевна, «Өрлеу» филиалының  әдіскері Джумагазина Гүлзада Ғазизқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, оқушыларға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін мектеп оқытушыларын Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің Алғыс хатымен, қалалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Ақтөбе қаласы «№1Балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен  «Қазақ музыкасындағы ұлттың өнегелі–рухтық құндылықтары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

       2023 жылғы қараша айында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен   «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен қалалық, аудандық балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен оқушыларына кәсіби-педагогикалық шеберліктерін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында  «Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарына оқыту технологиялары» тақырыбындағы облыстық шебер – класс  өткізілді.

    №1 Балалар музыка  мектебінің 80 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, музыка мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «80 жыл – 80 ғұмыр» жоспарына іс – шаралардың ашылу салтанаты өтті. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Құрмет орден иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Алипбаев Турар Байдусекович, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Музыка және хореография» кафедрасының доценті, PhD докторы Райымбергенов Абдирашид Искакович және еңбек ардагерлері, ата аналар комитетінің төрағасы  құттықтау сөз сөйледі.  

2023 жылғы 3 қарашада  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарғалы ауданы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекеті: жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өтті.

«ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТТІК МЕКТЕП: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» тақырыбында республикалық пилоттық жобаға қатысушы 12 тірек және 36 магниттік мектептерінің математика, физика, биология, химия және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне әдістемелік қолдау көрсету бағытында  облыстық әдістемелік семинар-практикум ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қазан-01қараша күндері аралығында Ақтөбе қаласының  №51 гимназия базасында дебат  жетекшілеріне арналған «Дебат жүргізудің негізгі ережелері, элементтері және техникасы» тақырыбында үш күндік оқыту семинар-практикумы өтті. 

Ағымдағы жылдың  30 қазан күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен «Ақ желкен» аула клубы МКҚК-ның ұйымдастыруымен қалалық, аудандық аула клубтары және қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет лицейі,өнер мектептерінің шығармашылық пәндері оқытушылары, көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыбындағы облыстық шебер – класс  өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 31 қазан күні ТжКББ ұйымдарының білім алушылары арасында «Мен - кәсіпкермін» атты облыстық кәсіби байқауы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30 қазан күні Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледж базасында «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» тақырыбындағы ТжКББ ұйымдарының  педагогтеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27 қазанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ІТ саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Ағымдағы жылдың қазан айынның 23 күні   Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Шығармашылық Академиясы мен Ырғыз аудандық балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушыларының арасында 25 қазан Республика күніне орай және Ырғыз балалар өнер мектебінің 50 жылдық мерей тойы аясында  «ҚАЗАҚСТАНЫМ - АРДАҚТЫ МЕКЕНІМ» атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына  сәйкес 2023 жылғы 17 қазан күні Ақтөбе қаласындағы № 56 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гатауова Жансулу Канатовнаның «Бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық  құндылықты дарытудағы Абай шығармаларының рөлі»  тақырыбында   бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  облыстық  шебер-класс  өтті. 

Жастарды рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу  мақсатында 2023 жылдың 13 қазаны күні  «Жастар арасында  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 22-28 аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік web-сайт» облыстық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек күні аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасайтын педагог-ассистенттерді түзету жұмыстарының жаңа әдістерімен таныстыру мақсатында «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістері» атты облыстық шеберлік сағаты өткізілді. Шебер-класқа 28 педагог-ассистенттер қатысты.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қыркүйек айында «Ұстаздық ету, жәй ғана кәсіп емес» атты облыстық сырттай эссе байқауы өтті.

           Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен  Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі», «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері», «Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

 

1.      Жалпы ереже

1.1.Байқаудың облыстық кезеңін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы өткізеді.

1.2.Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы және әділқазылар комитетінің құрамын бекітеді.

         Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Шынайы жобаны қорғау»  облыстық байқауы өткізілді.  Байқауға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің 22 жобасы сынға түсті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен 1-6 маусым аралығында  Абай облысында педагогтер арасында II Республикалық спартакиада өтті .

        2023 жылғы 13 маусымында Ақтөбе облысы білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің беделін арттыру және  шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау мақсатында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы», «Оңалту орталығының,  психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі»  және «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өткізілді.

Ақтөбе  облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы мамыр айында ТжКББ ұйымдарының студенттері  арасында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы  сәйкес туристік-өлкетану экологиялық зерттеу жұмысының   «Гүлдене бер, Қазақстан!» облыстық байқауы  арасында өтті. 

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің 50 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, саз мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «50 жыл – 50 іс-шара» жоспарына сәйкес «Өнер ордасына 50 жыл» атты шығармашылық концерт өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Шалқар аудандық білім бөлімі, «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Сәдуақас Балмағанбетов атындағы «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық күй байқауы өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Шалқар аудандық білім бөлімі, «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қазақ халқының атақты күйші-композиторы Қазанғап Тілепбергенұлының мұрасын дәріптеу және сазгер, домбырашы С.Балмағанбетовтің күйлерін насихаттау мақсатында«Қазанғап мұрасын насихаттау жолдары: музыкалық сауаттылық пен аспаптарда орындау ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің 50 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, саз мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «50 жыл – 50 іс-шара» жоспарына сәйкес Қазанғап күйлерін насихаттаушы, сазгер, домбырашы Сәдуақас Балмағанбетов атындағы кабинет ашылды. 

    Ақтөбе облысының білім басқармасымен Ақтөбе облыстық ғылым тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары» атты семинар  өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы халықаралық, республикалық бұқаралық спорт және денешынықтыру іс-шараларының жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңі мамыр айының 24-26 күндері аралығында өтті.

          Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 24 мамыр  күні топ кураторларымен  «Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Қалалық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация» жанындағы   диагностикалық қысқа мерзімді топтарда «Педагогикалық байланыстың  әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Француз жазушысы Жозеф Жубер: "оқыту – екі есе үйрену", - деді. Инновацияны іс жүзінде жүзеге асыратын негізгі тұлға-мұғалім. Әр түрлі инновацияларды сәтті енгізу үшін, оның алдына қойылған міндеттерді жаңа жағдайда іске асыру үшін мұғалім кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие болуы керек. Кәсіпқойлық заманауи білім беру технологияларын меңгеруді ғана емес, оларды үнемі жетілдіруді де қамтиды.Педагогикалық тәжірибені таратудың тиімді формаларының бірі-мастер-класс.

Дене шынықтыру пәні бойынша Ақтөбе қаласы N61 ЖББОМ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі Прмагамбетов Айбек Сериккалиевичтің 2 кезеңнен құралған шебер-класы өткізілді. Шебер-кластың 1-ші кезеңі “Спорттық ойындар мен іс-шаралар үйлесімділігі оқушылардың шығармашылық және функционалдық дамуының басты көрсеткіштері” тақырыбын қамтыса, 2-ші кезең “Футбол ойынын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер” тақырыбын қамтыды. 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай Қопа жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратында “Дене шынықтыру және АӘжТД сабақтарында спорттық ойындарды оқыту әдістемесі тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Тоқсанбаевна ашып, Темір аудандық білім бөлімінің әдіскері Отызбаев Руслан Тынымкулович семинар бағдарламасымен таныстырды.

«Digital Ustaz Aqtobe» байқауының екінші кезеңі қорытындыланды

Ұстаздар арасындағы облыстық байқаудың жартылай финалына: оқыту тәсілін және балалармен қарым-қатынасқа деген көзқарасты өзгертуге дайын 10 мұғалім өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес   «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың күрделі сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге дәстүрлі және инновациялық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарының логопедтері мен тәрбиешілері қатысты.

Бүгін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры болып Нургалиева Жанилсин Достангалиевна тағайындалды.

        Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тарих, география пәндерінің мұғалімдері, өлкетану және музей жұмысына жауапты  педагогтеріне арналған  «Ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның «Туған өлкем» фестивалі аясында «Балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетану жұмыстарының қазіргі таңдағы маңызды ролі» тақырыбында 2023 жылғы 3 мамыр күні облыстық тәжірибелік семинар өтті. Шараға 40 -тан астам педагогтер  қатысты.

  Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы және Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушылары мен оқушылары арасында  «Егемен ел  әуені» атты патриоттық әндер облыстық байқау  өтті.

Бүгін ТжКББ ұйымдарының кәсіби бағдар беру шарасының екінші күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледж және Ақтөбе автожол колледжі базаларында өтті.

Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні ТжКББ ұйымдарының кәсіби бағдар беру шарасы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж базасында өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Әйтеке би аудандық саз мектебінің қосымша білім беру педагогі  Қалмағанбетова Гүлдана Маратқызы  озық іс-тәжірбиесі тарату мақсатында «ТЕАТР- ӨМІР АЙНАСЫ» тақырыбындағы облыстық шебер - класс  өткізілді.

   Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес   Ақтөбе қаласындағы «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-ның қосымша білім беру педагогі Төребекова Римма Көпбергенқызының озық іс-тәжірбиесі тарату мақсатында «Қосымша білім берудегі қолданбалы өнерді дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер - класс  өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2 мамыр күні Ақтөбе қаласы «Umit.education» оқу орталығының математика пәні  мұғалімі, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Жилгельдин Бауыржан Жексенгалиевичтің «Бастауыш сыныпта күрделі есептерді шығару жолдары» тақырыбында шебер-класы өтті. Шебер-класқа 27 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

2023 жылы 26 сәуір күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-нің тәжірибесін тарату мақсатында «Арнайы (түзету) мектеп-интернатта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

 Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде облыстық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қауымдастығы Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. "Орыс тілі және әдебиеті"пәні бойынша 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау. 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Темір ауданы педагог-психологтары-ның тәжірибесін тарату мақсатында "Құқықбұзушылықтың алдын - алуда психологиялық қолдау бағдарламасы" тақырыбында семинар- практикум өтті. 

Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Қобда ауданының педагог-психологтарының тәжірибесін тарату мақсатында "Ата-ана мен бала: қарым-қатынас әлемі" тақырыбында шебер-класс ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.К. Халетова өз сөзінде бала мен ата-ана арасындағы өзара жағымды байланыстың маңыздылығына ерекше мән берді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай  Шұбарши жалпы орта білім беретін мектебінде “Педагогикалық шеберлік: оқыту мен тәрбие процесінде”тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдары педагогтері арасында «Жас турист»  облыстық  тоғызқұмалақ байқауы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 сәуір күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледж базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар өтті. 

Семинар барысында N61 ЖББОМ педагог-психологі Айтжанова Аружан Қуандыққызы “Бүгінгі күннен алған әсеріміз” рефлексия  өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.

№61 ЖББОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нуралиев Колканат Дуйсенбаевич “Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері” тақырыбында баяндама жасады,

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай  №7 Хромтау мектеп гимназиясы ғимаратында “Педагогтың кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі”тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинардың ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері  Жумабаева Жумагуль Тоқсанбаевна,Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Абилов Қайырбай Кайырлович сөз сөйлеп,семинар бағдарламасымен таныстырды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының дебат жетекшілері арасында «Ең үздік көшбасшы» облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Ағымдағы жылдың 11-сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлеріне арналған семинар өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 сәуір күні «Директордың тәрбие жұмысы бойынша үздік орынбасары - 2022» атты облыстық байқау өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5 сәуір күні Қобда ауданында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында республикалық пилоттық жобаға қатысушы «Нұрлы болашақ» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында заттық-дамытушы ортаны тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінде  ғылыми- әдістеме ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары Жұмакешова Ажар Шақатайқызының «Әдіскердің әдіснамалық қызметінің басты ұстанымы - мұғалімнің құзыреттілігін арттыру» аясында  «Мектептегі кәсіби қоғамдастық – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы»  тақырыбында облыстық шебер-сыныптың 3-отырысы өткізілді.

 Мақсаты: Құндылыққа бағдарланған білім беру мен инновациялық қызмет негізінде кәсіби баулу қоғамдастығы  педагогтардың  кәсіби дамуын басқару  мен жетілдіру дағдыларын дамытуға басымдылық жасау.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 6 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледж базасында «Білім беру үрдісін цифрландыру жағдайында педагогтің цифрлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының  математика және информатика пән оқытушыларына арналған облыстық семинар-практикум өтті. 

2023 жылғы  31 наурыз күні №33 «Нұрсәт» балабақшасының базасында  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы  мен Ақтөбе білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі сапалы трансформация» тақырыбында облыстық  семинар-практикум өтті.

2023 жылдың 3 сәуірінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысының математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері жас мұғалімдерге семинар өткізді. № 2 Мәртөк мектеп-гимназиясының ұстаз-шебері Қаратаева Шұға Таласбаева өткен жылдардағы 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясының міндеттеріне тоқталып, жіберілген қателіктер мен оқушылардың жұмысын бағалау критерийлеріне кеңінен ақпарат берді.

2023 жылғы 4 сәуір күні «Асыл Мирас» autism-орталығының негізінде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған облыстық семинар-практикум өтті.

Тарих пәні ассоциациясының жоспарына сәйкес «АКТ мүмкіндіктері арқылы тарих сабағын жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында» физика және  математика пәні  мұғалімі Гульфира Абдикаримовна Абдраимованың  «Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы өтті.

2023 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерді тарату, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында Алға мектеп-гимнзиясында «Оқуға құштар мектеп жобасы – кемел болашақ кепілі» тақырыбында облыстық  көшпелі семинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың скрипка, флейта,  фортепиано, вокал класының оқытушыларына, хор жетекшілеріне арналған «Қазіргі заманғы классикалық музыка өнерінде білім берудегі инновациялық бағыттары»  тақырыбында облыстық  шебер-класс өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың домбыра, қобыз класының оқытушылары, ансамбль жетекшілеріне арналған  «Қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие беру»  тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Шараға 70-тен астам педагогтер  қатысты.

Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні Ә.Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейі базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану пәндері бойынша инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Барлығы 37 мұғалім қатысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 16  наурыз  күні Алматы, Қызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының 200-ден астам ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтері, топ кураторларымен «Ерте жүктіліктің және студенттердің репродуктивті денсаулығының алдын алу» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе  облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың наурыз айында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім неліктен Абайды үлгі еткен?» атты республикалық эссе байқауы өтті. Мақсаты педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін  дамыту.

2023 жылдың 17 наурызы күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі Дания Алтоновна Тлеуованың “Математика сабақтарында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту” тақырыбындағы  шығармашылық шеберханасының кезекті   отырысы өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспары негізінде ағымдағы жылдың     20 ақпан – 20 наурыз   аралығында  «Адамгершілік сабақтары: мөлдір бастау» тақырыбында өткен үздік тәрбие сағаты облыстық сырттай байқауының қорытындысы.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Буддизм және Христиан діндері ілімдерінің негіздері»  тақырыбында «Жаһандық құзіреттіліктер» курсының «Зайырлылық және дінтану» бағыты бойынша мұғалімдерге арналған облыстық оқыту семинары өтті. 

2023 жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы  №61жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Кожалепесованың  «Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді  талдау» облыстық шығармашылық  шеберханасының IІI отырысы  болып өтті.

Ақтөбе  облыстық  ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен тарих, география пәні мұғалімдеріне арналған «ZHAS PROJECT» тақырыбында  облыстық жас педагогтердің креативті жобалар байқауы өтті.

2023 жылдың 10 наурыз  күні  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының  жоспарына сәйкес №51 гимназия базасында ұйымдастырылған "Заманауи педагогикалық технологияларды енгізу арқылы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту" тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары  өтті.

«Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық семинар-кеңесінің  биология пәні бойынша секциялық отырысы «Білім-инновация» лицейі базасында өтті.

 «Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық семинар-кеңесінің  физика пәні бойынша секциялық отырыс «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» базасында өтті. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған семинарға қатысушыларды оқушылар ансамблі күй тартып, «Ұстазыма мың алғыс» атты құттықтауымен қарсы алды. Оқушылар парламентінің мүшелері мектеп өмірімен таныстырып, «Физика ғажайыптары» тақырыбында көрме ұйымдастырып, зертхана жағдайында дайындаған жұмыстарын ұсынды.

2023 жылдың 3 наурыз  күні   облыстық  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы өзінің  20 жылдық мерейтойына орай «Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңес өткізді.

Ақтөбе  облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы ақпан айында «Үздік кітапханашы -2023» облыстық байқауы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес ТжКББ ұйымдарының кітапханашылары арасында өтті. 

Байқау  кітапханашылардың шығармашылық бастамаларын, кәсіби шеберлігін  дамыту, кітапхана жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу, білім алушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудағы кітапханалардың мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  

        Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 24 ақпан күні «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақтөбе қаласындағы № 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының әдіскері, ПШО тренері Ағила Таңатарқызы Казмұханбет «Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін арттыруда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық  шебер-сынып өткізді.  

«Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық семинар-кеңесі аясында  химия пәнінің секциялық отырысы  «Кемел Білім» мектеп-интернатының базасында өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «ТжКББ ұйымдарындағы жалпы білім беретін, әлеуметік-қоғамдық және арнайы пәндерден білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында өңірлік шебер-класс өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 20 ақпан күні "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: тәжірибе, проблемалар және шешу жолдары" тақырыбында облыстық семинар – кеңес өткізді.

Байқауға  қатысуға облыс бойынша   56 педагог өтініш білдірді.  Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңі  сырттай нысанда өтті.  Осы кезеңде әділқазылар алқасы қатысушылардың «Электрондық портфолиосымен» танысып, тестілеу арқылы бағалады. 

Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнайы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда.

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 15 ақпан күні «Worldskills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу тәртібі» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталығы және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында республикалық семинар-практикум өтті.  

2023 жылдың 14 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының LS тобының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Lesson Study: сапалы білімге жеткізетін жол» тақырыбында вебинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ» КММ математика пәні мұғалімі Умирбаева Мария Утебаевнаның жетекшілігімен «Сапалы білім беруде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберхананың үшінші отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2022-2023 оқу жылына арналған  облыстық математика пәні мұғалімдері ассоциациясының  жұмыс жоспарына сәйкес «Применение технологии БИС для развития вычислительных навыков», «Кері тригонометриялық функцияларға берілген есептер» атты тақырыптарда шебер класс өткізілді.

 Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «№30 қазақ орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Тилешева Зульфия Ермекбаевнаның жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберханананың үшінші отырысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындаудың жолдарын көрсетеді; Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолданады; Шығармашылық жұмыстар – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру көзі екенін көрсетеді; Оқушылармен практикалық жұмыстар жүргізіледі. Педагогикалық шеберханаға Ш.Каратаева –Мәртөк ауд., М.Елманова  –Қандыағаш қаласы, Г.Мирманова –Хромтау ауд., Н.Таңбай – Шұбарқұдық ауд., З.Нұрқалық- Әйтеке би ауд., А. Кенжегалиева–Ойыл ауд., Г.Басшиева–Алға ауд., А.Қоблашева –Ырғыз ауд., Ж. Дисмурзова – Ақтөбе қаласынан математика пәні мұғалімдері, шеберхана мүшелері қатысты.

2023 жылдың  1- ақпан күні  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №42 орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Ш.Жұмакешова «Әдіскердің әдіснамалық қызметінің басты ұстанымы - мұғалімнің құзіреттілігін арттыру» аясында  "Lesson Study зерттеу сабағы арқылы оқушылардың оқу жетістігін жетілдіру" тақырыбында облыстық шығармашылық шебер-класс ұйымдастырды.

2023 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі-2022» республикалық байқауының жеңімпазы, Мәртөк ауданы №1 «Тополек» балабақшасының тәрбиешісі Татьяна Александровна Козловскаяның «Обучение через игру - основной принцип воспитательно-образовательного процесса» тақырыбында шебер-класы өтті.   

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдеріне жалпы білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясының мұғалімдері Байсунова Айгуль Нуржановна және Сарсенгалиева Ляйля Муратовнамен  «Web жобалау» тақырыбында вебинар өткізілді.

Бүгін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Информатика сабағында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Жас ұрпаққа тәрбие беруде колледждің әлеуметтік педагогтері мен педагог-психологтарының рөлі»   тақырыбында өңірлік семинар өтті.

2023 жылдың 25 қаңтары күні Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Бастауыш класс оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың тиімді әдістері» тақырыбында болып өткен облыстық семинар- практикумында облыстың бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе алмасты.

 «Деструктивті ағымдардың белгілері мен салдары»  тақырыбында «Жаһандық құзіреттіліктер» курсының «Зайырлылық және дінтану» бағыты бойынша мұғалімдерге арналған оқыту семинары Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруыменонлайн/офлайн форматта өтті. 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «География сабағын тиімді оқыту және оқу идеяларын жүзеге асыру» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум онлайн форматында өткізілді. Семинарға 35 мұғалім қатысты.  

 2023 жылғы 4 қаңтарда Ақтөбе қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Дамежан  Мырзағалиқызының  жетекшілігімен «Сабақты даярлау мен оған дайындалу кезеңдері» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында үздік педагогтердің еңбектерін насихаттау, озық ұстаздардың тәжірибесін тарату, қоғамдағы беделін арттыру, мәртебесін көтеру және оның мамандығының қажеттігін көрсету мақсатында жарық көрген «Ақтөбе облысының үздік педагогтері 2012-2021 жж.» атты энциклопедияны табыстау рәсімі өтті.

2022 жылы  23 желтоқсан күні  Ақтөбе  облыстық  ғылыми - тәжірибелік  орталығының ұйымдастыруымен  Ақтөбе  қаласы  №8  орта мектебінің  бастауыш сынып  мұғалімі  Үшкемпірова Сәуле  Бекболатқызының  «Сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, жазылым) дамыту жаттығуларын сабақ барысында қолдану»  тақырыбындағы  облыстық шебер-класының II шебер  класы  өткізілді.

2022 жылдың 23 желтоқсанында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Бақова Жадыра Оспанқызының «Комбинаторика – жаратылыстану әлемімен» тақырыбындағы облыстық шебер-класының II отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.  Шебер-класқа облыс мектептерінен 13 мұғалім қатысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының тарих пәні мұғалімдері ассоциациясының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2 желтоқсан күні  М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта «Тарихтан-тағылым, өткенге тағзым:тарихи дерек және тарихи зерде» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

 2022 жылғы  22 желтоқсанда  Ақтөбе қаласы жалпы орта білім беретін 61жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожалепесова Назгуль Каниевнаның жетекшілігімен «Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді  талдау» тақырыбында облыстық шығармашылық  шеберханасының II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

2022 жылғы 20 желтоқсанда Ақтөбе қаласы «Білім» жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мария  Алмагамбетованың жетекшілігімен  «Мнемотехника оқушылардың есте сақтау және сөйлеуін табысты дамыту технологиясы ретінде» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

2022 жылғы 09 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік жас арнайы пән оқытушысы – 2022» облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқауға облыс бойынша 20 жас маман қатысты.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі  базасында «Рухани тәрбие -кемел болашақ кепілі»  тақырыбында ТжКББ ұйымдарының топ кураторларына арналған іс-тәжірибе дөңгелек үстел форматында өткізілді.

 Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 7 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №9 орта мектеп-гимназиясында «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту негізінде базалық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

2022 жылы 5 желтоқсан күні көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнінде оқушылардың ұлттық қолөнерін дамыту арқылы ғылыми жобаларға дайындау жолдары» тақырыбындағы шебер – класс өтті. Шебер - кластың жетекшісі Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖОББМ көркем еңбек пәні мұғалімі, Ш.Дүйсенқұлова.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «DigitalUstazAktobe» байқауына  сұраныстың аз түсуіне байланысты сұраныс мерзімін қабылдау  қарашаның 21-нен 28-не дейін созылды.  Осыған орай, байқаудың І кезең қорытындысы 1 желтоқсаннан 6 желтоқсанына дейін жалғасатындығын хабарлайды.

 2022 жылғы 30 қарашада Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №2 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

2022 жылғы 29 қараша күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші-2022» іс-шарасы аталып өтті. Шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және олардың әлеуметтік серіктес мекеме мамандары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымы және 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты.    

Ақтөбе қаласы №56 жалпы білім беретін орта мектебінде өткізілген республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасының өңірлік кезеңіне облыстың 137  бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Ақтөбе қаласы, №40 ЖОББ мектепте  «Тренд: этностильдегі аксессуардың жасалу әдістері» тақырыбында шебер – класс өтті. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі  Г.Мурзалинова.

Ақтөбе қаласы №22 ОМ КММ-ң шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Оқушылардың мектептегі жобалық іс-әрекеті» тақырыбында шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен  «Студенттің бойында коммуникативтік тұлға қалыптастыру мен дамытудағы топ кураторының педагогикалық құзыреттілігі»  тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қарашада Ақтөбе қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында тарих-жаратылыстану мұғалімдеріне арналған «Рухани құндылықтарды дамытуда тарих-жаратылыстану пәндерін интеграциялаудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

         2022 жылғы 18 қарашада Шалқар ауданы Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжінің  педагогтеріне  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру»  тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2022 жылғы 17 қараша күні «Информатика мұғалімдеріне арналған оқыту бағдарламасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.  

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 қарашада Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау арқылы бастауыш класс оқушыларының табысты оқуын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

 Ағымдағы жылдың 12-31 қазан аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «3D модельдеу және виртуалды әлем» жобалар байқауы ұйымдастырылды.

2022 жылы 2 қараша күні Ақтөбе  қаласы  М.Құрманғалиева атындағы №32  мектеп-гимназияның бастауыш сынып  мұғалімі  Раева Айна Жылкыбаевнаның  «Құндылыққа негізделген  математикалық  білім беру»  тақырыбындағы  облыстық шеберханасының № 1   отырысы  өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе өндірістік технологиялар және басқару колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Үздік токарь» облыстық кәсіби байқауы өтті. 

Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытудың озық технологиялары мен жаңа инновациялық  әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға. Осы мақсатта облысымыздағы шығармашыл ұстаздардың педагогикалық  жұмыстары мен білім беру саласындағы  озық тәжірибелерін тарату аясында  информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогтердің озық іс-тәжірибесін жинақтау» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың қазан айының 5-19 аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік web-сайт» облыстық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе көпасалалы АГУ Тарлан колледжі базасында ТжКББ ұйымдарының топ жетекшілерімен  «Отбасы және колледж ынтымақтастығы»  тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі қазан айында өткізілді.

Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып, тың бастамалар қолға алынуда. Конкурс ТжКББ ұйымдары білім алушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ынталандыру мақсатында  ұйымдастырылды. 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжінің  педагогтеріне  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру»  тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту  министірі және  Ақпарат және қоғамдық даму министірі «Елдегі  этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы»  бірлескен жобасы аясында  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес 18 қазанда «ТжКББ ұйымдарында өндірістік оқыту бойынша панорамалық сабақтың берілу тәсілі мен әдісі» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлері үшін практикалық семинар өтті.

2022 жыл 18 қазанда көркем еңбек мұғалімдеріне «Көркем еңбек пәнінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулудағы әдістеме мен тәжірибе» оқыту семинары өткізілді.

2022 жылдың 14-қазан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес өткен «Үздік  бастауыш класс мұғалімі- 2022» облыстық  байқауының үздіктері анықталды.

Облыстық байқауға барлығы  13 бастауыш класс мұғалімі қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1