Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Буддизм және Христиан діндері ілімдерінің негіздері» тақырыбында «Жаһандық құзіреттіліктер» курсының «Зайырлылық және дінтану» бағыты бойынша мұғалімдерге арналған облыстық оқыту семинары өтті.
Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің мұғалімі Ж.К.Турдалина «Основы религиозного учения буддизма и христианства» тақырыбында шебер-класс өткізді. Шебер-класс барысында өзінің сабақтарында жаңа технологиялар (QR, Wordwoll AnswerCarden квиз, т.б.) мен түрлі интернет желісі арқылы қолдануға болатын жүйелер арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетіне арналған қызықты тәжірибелерімен бөлісті.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы, дінтанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі О.А.Вороневич «Отличия традиционных. Признаки деструктивности в христианских и иных течениях» тақырыбында баяндама оқып, көптеген мұғалімдердің ойының түпкірінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың маманы Ә.Б.Ұзақбай «Интернет как один из способов вовлечения лиц в экстремистскую деятельность» тақырыбында баяндама оқып, балаларға діннің ағымынан адаспай, дұрыс ажырата білуге бірнеше мысалдар келтіріп, сұрақтарға жауап берді.
Педагогтер семинарға белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың қазіргі діни түсінігі мен қабылдауына баса назар аударды.
Семинар соңында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды.
А.А.Искендирова, АОҒТО әдіскері, п.ғ.м.