Ағымдағы жылдың қазан айынның 23 күні   Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Шығармашылық Академиясы мен Ырғыз аудандық балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушыларының арасында 25 қазан Республика күніне орай және Ырғыз балалар өнер мектебінің 50 жылдық мерей тойы аясында «ҚАЗАҚСТАНЫМ - АРДАҚТЫ МЕКЕНІМ» атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: 

  - қосымша білім беру педагогтары арасында ынтымақтастық орнатып, отан сүйгіштікке, көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, олардың шығармашылық қабілетін  жандандыру.

- ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.

  Байқауға барлығы 23 қатысушы қатысты. Нәтижесінде:

Бас жүлде - Кәдіров Қасымбек Нұрлыбекұлы, Әйтеке би аудандық балалар  саз мектебі

І орын - Ургеншбаева Айгуль Сагынгрейкызы, Ақтөбе қаласы, «Қалалық  оқушылар Сарайы» МКҚК.

ІІ орын - Қайыржан Нұртай Қайыржанұлы, Шығармашылық Академиясы    

ІІ орын - Болат Ерасыл Болатұлы,Ырғыз балалар өнер мектебі

ІІІ орын- Нұрлыбай Бауыржан Нұрлыбайұлы, Ақтөбе қаласы,  «Балалар және жасөспірімдер шығармашық үйі» МКҚК

ІІІ орын – Бисенбаева  Ару, Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі   

«Көрермен көзайымы» номинациясы – Тәжімағанбетова Ақбота Толикқызы, Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі

Байқауға әділ бағасын берген әділқазылар алқаларының құрамы:

       Омаров Нұртас Омарұлы- Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық жөніндегі орынбасары, ҚР-ның «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет саласының үздігі 

Дәрібаев Мұратбек Байбосынұлы- ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің директоры

     Наргеева Айнур Маликовна - Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері

    Сүлеймен Алмас Бақытқалиұлы -  Ақтөбе қаласы, Шығармашылық Академиясының директоры

Тұралина Әсем Ораққызы - Ырғыз аудандық балалар өнер мектебі директоры

     Байқауда жүлделі орын иегерлеріне Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының дипломы және серттификаттары  тапсырылып,қатысушыларға белсенділік танытқан үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.                                                                                                                                                 

  Шараның жоғарғы деңгейде өтіуіне белсенділік танытып, демеушілік еткен Ырғыз аудандық балалар өнер мектебіне алғысымызды білдіреміз.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1