Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Жас ұрпаққа тәрбие беруде колледждің әлеуметтік педагогтері мен педагог-психологтарының рөлі» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Н.Ж.Жалғас, Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Д.Қ.Баймашова, Батыс Қазақстан облысының «Білім беруді дамыту орталығы» директоры Г.К.Кубашева, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталығының директоры Ж.Ж.Үмбетова сөз алып, ТжКББ ұйымдарындағы психолог пен әлеуметтік педагог міндеті жан-жақты дамыған, ынтымақтастықта тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинар барысында өңірдің озық тәжірибелі педагогтері Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Психологиялық-әлеуметтік қолдау» бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жубандықова «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жүйесі», Маңғыстау облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі А.Я.Таджибаева «Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы инклюзивті білім беру», Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы, «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің әдіскері Б.С.Жангазиева «Қиын балалар мен олардың отбасыларына дағдарыстық көмек көрсету және алдын алу», Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің педагог-психологы, коуч, эксперт психолог, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Б.К.Омарова «Буллинг. Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг мәселесі», (Tedx форматында): Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің педагог-психологы Ж.Ж.Тогжанова, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагог-психологы Х.К.Мусрепова «Колледждегі психологиялық қызметтің орындалуы барысындағы WordskıIIs чемпионатында студенттерге психологиялық қолдау көрсету», Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Психологиялық-әлеуметтік қолдау» бөлімінің әдіскері М.Т.Сарсенгалиева «Психологиялық қызметті есепке алудың электронды журналының тиіміділік көрсеткіштері» тақырыптарындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары ТжКББ ұйымдарының 100-ден астам әлеуметтік педагогтері мен педагог-психологтары қатысты. Жоспарға сәйкес өткізілген өңірлік семинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылды.