2023 жылғы қараша айында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен қалалық, аудандық балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен оқушыларына кәсіби-педагогикалық шеберліктерін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында «Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарына оқыту технологиялары» тақырыбындағы облыстық шебер – класс өткізілді.
Шара барысында Алипбаев Тұрар Байдөсекұлы - Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Құрмет орден иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы «Домбыра үйретудегі кәсіби орындаушылық шеберлікті дамыту», Кабижанова Мадина Маратовна- ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Бас дирижері «Балалар музыка мектебінде оркестр, ансамбль ұжымына репертуар тандау мәселесі», Ермекбаев Али Акбергенович-Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Баян аспабында орындаушының техникалық тәсілдерін меңгеру», Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы- Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға ұстазы, «Жетіген» кәсіби мектебін енгізушісі, мәдениет саласының үздігі «Қазақтың көне жетіген аспабын үйрету әдістері», Сарсенгалиева Шынар Шарафаддиновна - А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің зерттеуші санатты прима-қобыз класы оқытушысы, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы» бөлім меңгерушісі «Қобыз класы бойынша Балалар музыка мектебі және Балалар өнер мектебі оқушыларының дамуындағы ұжымдық музыка ойнаудың рөлі мен маңызы», Асылханов Жайлаубай- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің оқытушысы «Қазанғап күйлерінің орындалу ерекшеліктері» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар шебер – класс барысында алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.