Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі  базасында «Рухани тәрбие -кемел болашақ кепілі»  тақырыбында ТжКББ ұйымдарының топ кураторларына арналған іс-тәжірибе дөңгелек үстел форматында өткізілді.

Дөңгелек үстелде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханашылары С.Е.Бермукашева, О.Д.Финютина Tedx форматындағы әдеби кейс, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Г.Айтқазықызының студенттермен жұмыс барысынан жинақталған «Жігерлі жастар-ел ертеңі» атты бейнероликпен басталды.

Орталық  әдіскері Б.Ж.Нурмолдина жас ұрпаққа тәрбие беруде ТжКББ ұйымдарының  рөліне тоқталып, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.С.Қуанов студенттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудің  мақсат, міндеттерін талқылады.

Сонымен қатар, Г.К.Досжан, Ж.С.Шакарбекова студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланудағы топ кураторының қызметі, жатақхана тәрбиешісі М.Т.Жандарбекованың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы іс-тәжірибелері таратылып, колледж психологі Н.С.Оразбаева «Жақсы көңіл күй – жан шуағы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел соңында ұсынымдар қабылданып,  шара қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1