Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес 18 қазанда «ТжКББ ұйымдарында өндірістік оқыту бойынша панорамалық сабақтың берілу тәсілі мен әдісі» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлері үшін практикалық семинар өтті.
Семинар барысында Ақтөбе Құрылыс және бизнес колледжі мен Хромтау тау-кен техникалық колледжінің өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары дуалды оқыту жүйесінде және колледж бен өндірістік кәсіпорындар арасындағы серіктестікте өндірістік оқыту шеберлеріне қойылатын талаптар мен міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің әдіскері WorldSkills талаптарына сәйкес демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру мен бағалауда өндірістік оқыту шеберлерінің рөлі туралы баяндама жасады.
Семинарда Орал сервис және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің өндірістік оқыту шеберлеріның озық панорамалық сабақтары, шебер кластары көрсетілді. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының IT бөлімінің бағдарламашысы Д.Урынбасаров педагогтердің бейне сабақтарын өңдеу әдіс-тәсілдері және оны желіге, Е-портфолиоға жүктеу жолдары бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті.