2022 жылғы 20 желтоқсанда Ақтөбе қаласы «Білім» жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мария  Алмагамбетованың жетекшілігімен  «Мнемотехника оқушылардың есте сақтау және сөйлеуін табысты дамыту технологиясы ретінде» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

Шығармашылық шеберхана мұғалімдерге мнемотехника әдісімен оқушылардың сөйлеу, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту тәсілі ретінде таныстыруды, ақпаратты тиімді есте сақтау мен жариялауды қамтамасыз етуді мақсат етті.

Шеберхана жетекшісі Мария Алмагамбетова отырыс барысында өз тәжірибесінде қолданылатын мнемотехника әдістерімен таныстырды. Мұғалімдерге есте сақтаудың өзіндік деңгейін анықтау әдістемесін  ұсынды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде сөйлемдерді, өлең мәтіндерін кодтау үшін мнемоникалық квадраттар жасады. Оқушылардың мазмұндама жазу барысында қолданылатын тәсілдерімен бөлісіп, 3 сыныпқа арналған орыс тілінің бейне сабағын көрсетті.

Отырыс қорытындыланып, қатысушылармен кері байланыс жасалды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1