«Деструктивті ағымдардың белгілері мен салдары»  тақырыбында «Жаһандық құзіреттіліктер» курсының «Зайырлылық және дінтану» бағыты бойынша мұғалімдерге арналған оқыту семинары Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруыменонлайн/офлайн форматта өтті. 

Дін және қоғаммен байланыс мәселелері жөніндегі орталықтың маманы Ұзақбай Әділжан Берікбайұлы «Діндегі шектен шығудың қауіптілігі неде» тақырыбында дәріс оқыды, ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе қаласындағы Халел Досмұхамедұлы атындағы№35 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Бейскалиева Нұрсұлу Айтжанқызы «Деструктивті ағымдар қызметінің белгілері мен салдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. 

Қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың қазіргі діни түсінігі мен қабылдауына баса назар аударды.

Семинар соңында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды жәнесертификаттар тапсырылды. 

 

Орындаған: А.А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1