Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қазан-01қараша күндері аралығында Ақтөбе қаласының  №51 гимназия базасында дебат  жетекшілеріне арналған «Дебат жүргізудің негізгі ережелері, элементтері және техникасы» тақырыбында үш күндік оқыту семинар-практикумы өтті. Аталған оқу семинарына  13 ауданнан 36 пікірсайыс жетекшілері мен білім бөлімінің жауапты әдіскерілері қатысты. Семинарда  практикалық бөлім ғана емес, осы жылғы пікірсайыстағы өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-тәжірибесімен №51 гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Жәкен Нүркен Дәуітбайұлы мен М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Снасапин Темірлан Бірімбетұлы бөлісті. Шараның үшінші күні  қатысушылар арасында 16 фракция құрылып пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнир барысында ашық төрешілік етіліп, ойыншылар бір-бірімен кері байланыс жасады. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталып, І орынға ие «Ойдария» командасына кубок және І орын дипломы  табысталды. Осылайша, үш күндік семинар өз мәресіне жетті. Оқыту семинарына қатысушылар аталған үш күн бойы тек білім мен тәжірибе алып қана қоймай, жетекшілердің арасында арнайы коммюнити құрды. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1