2022 жылғы 18 қарашада Шалқар ауданы Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Светлана Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылып, мектеп директоры Әлия Оспанованың құттықтау сөзімен жалғасты.
Теориялық бөлімінде «Мониторинг-оқу тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзира Аманова аудандағы атқарылған жұмыстарға және І тоқсан бойынша білім сапасының мониторигін жасады.
«Нұрсұлтан мен Алматы. Бас әріппен жазылатын сөздер» тақырыбында 1 сыныпқа арналған панорамалық сабағын №5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Дәрменқұлова, «Оқытудағы белсенді әдіс-тісілдер» тәжірибе алмасу коучингін №8 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айнагүл Нурадинова өткізді. Оқушы қабілетін арттырудағы тиімді интерактивті әдіс-тәсілдердің түрлерімен сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мақсатында «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы қабілетін дамыту» тақырыбында №8 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айназарова Гүлзира Данағұлқызы баяндама жасады.
Семинардың практикалық бөлімінде Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетті.
«Оюлар» тақырыбында 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Жайнагүл Мұқанова «Суретті сөйлет», «Сәйкестендір» тәсілдерін пайдаланып, «Plickers» әдісімен қалыптастырушы бағалау жүргізді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің ұпай сандарын көру арқылы өздерін бағалады.
«Менің мектебім» тақырыбында 2 «Ә» сыныбында дүниетану пәнінен Ешниязова Манар, «Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу» тақырыбында 4 «Ә» сыныбында математика пәнінен Алтынзер Тайтенова, «Ғ дыбысы мен әрпі» тақырыбында 1 «А» сыныбында әліппеден Зинеш Сарина саяхат сабақ, «Отбасындағы мерекелер» тақырыбында 1 «Б» сыныбында дүниетанудан Гүлмира Бақтыбаева .
Математика пәнінен алған білімін оқушылардың өмірде пайдалана білу, тез шапшаң есептеу, ой-өрісін дамыту, сыну ойлауға үйрету мақсатында «Математикалық калейдоскоп» интеллектуалдық ойынын 3 «А» сыныбында Асылова Майра сыныптан тыс шарасын өткізді.
Семинар соңында Ж.Ерғалиева мен А.Ординаның ұйымдастыруымен рефлексия жүргізілді. Семинар қатысушылары өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева