Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес   Ақтөбе қаласындағы «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-ның қосымша білім беру педагогі Төребекова Римма Көпбергенқызының озық іс-тәжірбиесі тарату мақсатында «Қосымша білім берудегі қолданбалы өнерді дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер - класс  өткізілді.

   Аталған шараға облыстың 40-қа жуық қалалық, аудандық балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың көркем сурет топтарының,бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтері қатысып, теориялық білім мен тәжірибелік шеберлігін шыңдады. 

      Шара барысында «Қосымша білім беру ұйымдарында  қолданбалы өнерді дамытудың инновациялық әдістері», «Ұлттық өнерді заманауи технологиямен ұштастыру»,«Киімді әшекей тастармен безендірудің оңай әдісі», «Дәстүрлі емес материалдармен жұмыс жасау арқылы оқушы қызығушылығын арттыру арқылы жетістікке жету», «Сан түрлі өнер сырлары» , «Балық қабыршағымен роза гүлін жасау», «Балық сүйектерінен панно жасау әдістемелігі» тақырыбындағы шебер-кластарда  теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдері көрсетілді.

       Шара соңында   қатысушылар шебер – класс   барысында  алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1