2023 жылдың  1- ақпан күні  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №42 орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Ш.Жұмакешова «Әдіскердің әдіснамалық қызметінің басты ұстанымы - мұғалімнің құзіреттілігін арттыру» аясында  "Lesson Study зерттеу сабағы арқылы оқушылардың оқу жетістігін жетілдіру" тақырыбында облыстық шығармашылық шебер-класс ұйымдастырды.

Шебер- класс жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының әдіскері Ж.Т.Жумабаева кіріспе сөзімен бастап,  шебер кластың жұмысына сәттілік тілей отырып, Lesson Study зерттеу сабағының қадамдары арқылы мұғалім мен оқушы жетістікке бірге жетері сөзсіз екенін атап өтті.

Семинарда Lesson Study әдісінің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды.  Lesson Study әдісі қандай мақсатта қолданылуы керек, жоспарлау, бақылау, талдау, нәтижелілік, оқушыларды зерттеу процесіне тарту, яғни, сабақты зерттеу - мұғалімнің уәжін арттыру құралы екені тағы бір мәрте талқыланды. 

«Lesson Study зерттеу сабағы арқылы оқушылардың оқу жетістігін жетілдіру» тақырыбында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Жұмакешова жан-жақты мағлұмат беріп өтті. Ал, «Lesson Study зерттеу сабағы тәжірибе не дейді?» тақырыбы бойынша бастауыш кластың зерттеуші маманы А.Т.Абдижалелова өз пікірімен бөлісті. 

Мектептегі қәсіби қолдау қоғамдастығының ең негізі проблемаларын бірі - «PISA-халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша бұл мәселені шешу де  Lesson Study зерттеу сабағының нысанына алынып,      « Сыншы дос», «Зерттеуші ұстаздың бағыты» жобасы аясында атқарылған шаралар бойынша практикалық жұмыстар көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мамандары  С.Б. Қабылова, Ж.Б.Есенова және «Оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар дайындау» тақырыбы бойынша  бастауыш кластың зерттеуші мамандары Ш.К.Аймагамбетова, Б.Н.Тулебаева өз тәжірибелерімен бөлісті.  Оқу мен  оқу сауаттылығың айырмашылығы, оқу сауаттылығының дағдылары және оқу форматтары туралы, қалыптастырушы бағалау, тапсырмаларды жүйелі құрастыру бойынша  түрлі әдіс тәсілдер мен идеялар ұсынды.   Шебер класс соңында кері байланыс жүргізіліп, ортақ құндылықтар айтылды.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1