Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министірі және Ақпарат және қоғамдық даму министірі «Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» бірлескен жобасы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін анықтау және республика көлемінде тарату.
Конкурсқа облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары өздерінің үздік авторлық әдістемелерін ұсынды.
Комиссия мүшелері оқытушылардың материалдардын конкурстың ережесіне сәйкес бағалап республикалық кезеңге Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Қобдабаева Ботагөз Жадигеровнаның жұмысын ұсынып, өңірлік кезеңге қатысқан оқытушыларға Махашева Нургул Сериевна, Қорқыт Ғазиза Қуандыққызы, Тілеуқабылова Жаңыл Сағабайқызына республикалық конкурстың өңірлік кезеңіне қатысқаны үшін сертификат берілді.
Республикалық кезеңге өткен әріптесімізге жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.