2023 жылдың 7 қараша күні «Балабақша жағдайында бейімделген білім беру бағдарламасын іске асыру» тақырыбында өткен облыстық әдістемелік семинар өтті.

          Семинардың мақсаты – ерекше білім қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

   Шара барысында  №17 «Шұғыла»  бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Д.Жетилгенова қатысушыларды бөбекжай-балабақшасының жұмысымен толығырақ таныстырды. Сонымен қатар әдіскер Г.Ахметова, логопед Д. Нұртуған,  дефектолог Д. Төлепберген,  музыка жетекшісі Г.Бижан, психолог Т.Сорокина,  тәрбиеші А. Дульче өз тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі форматтағы жұмыстарын («Жетістік баспалдағы» іскерлік ойыны,  «Ой толғау», «Ерекше білімді қажет ететін балаларды музыка  арқылы сауықтыру»,  «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға құрдастарымен қарым-қатынастың өнімді формаларын қамтамасыз ететін арнайы құзыреттерді меңгеру үшін қолайлы жағдай жасау» тренингі, «Магия интеллекта»  шығармашылық сайысы) ұсынды.

      Жалпы семинарға инклюзивті білімге жауапты білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, арнайы мамандар, барлығы 30 педагог қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1