Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек күні аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасайтын педагог-ассистенттерді түзету жұмыстарының жаңа әдістерімен таныстыру мақсатында «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістері» атты облыстық шеберлік сағаты өткізілді. Шебер-класқа 28 педагог-ассистенттер қатысты.
Практикалық жұмыс барысында «Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектрдің бұзылуларымен) балаларды қолдау орталығының мамандары түзету жұмысы барысында қолданылатын озық әдістермен бөлісіп, мінез-құлық қиындықтары бар балалармен жұмысты іс-тәжірибеде көрсетті. «Асыл Мирас» орталығының директоры А.Испанова қатысушыларды дағдарыстың алдын алу бағдарламасымен (MCPP - Marcus Crisis Prevention Programm) таныстырды.
Шебер-класс соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, өзекті мәселелер талқыланды.