Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен «Студенттің бойында коммуникативтік тұлға қалыптастыру мен дамытудағы топ кураторының педагогикалық құзыреттілігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина, «ТжКББ ұйымдарындағы топ жетекшінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту және іске асыру», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің топ кураторы Б.К.Жаркаева «Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбында баяндама жасалды.
Шараның тәжірибелік бөлімінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің кураторы С.О.Түменбаева, Ш.Берсиев атындағы Жоғары ауылшаруашылығы колледжінің кураторы Г.К.Досжан, Ойыл аграрлық колледжінің кураторы С.К.Курманкулова, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің кураторы А.С.Кулкаева тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өздерінің шебер кластарымен бөлісті.
Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызметтің рөлі, білім алушымен қарым-қатынасы туралы орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Т. Сарсенгалиева кеңес беріп өтті.
Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар қабылданып, шара қорытындыланды.