Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай  Шұбарши жалпы орта білім беретін мектебінде “Педагогикалық шеберлік: оқыту мен тәрбие процесінде”тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. 

Семинарға келген қатысушыларды тіркеген Шұбарши ЖОББ мектебінің  информатика пәні мұғалімі Нурмаганбетов Мырзабек Аскарулы.Семинардың ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері  Жумабаева Жумагуль Тоқсанбаевна, Темір аудандық білім бөлімінің әдіскері Калиева Гулдана Жумабаевна, Шұбарши ЖОББ мектебінің директоры Оспаганбетова Айнаш Сеиловна сөз сөйлеп,семинар бағдарламасымен таныстырды.

Семинар барысында Шұбарши ЖОББМ педагог-психологтері Сарсенбаева Гүлзина Жаксыбаевна мен 

Тлегенова Анара Сериковна “Танысу тренингін ” өткізіп, топқа бөліп, керемет көңіл күй сыйлады.

Шұбарши ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Таңжарық Әлия Қабылбайқызы «Табысты оқыту және құзырлы мұғалім» тақырыбында коучинг өткізді.

Шұбарши ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мукашева Толкынай Махатовна «Шебер мұғалім-сапалы сабақ»тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Шұбарши ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Камшат Жаксылыковна мен бастауыш класс мұғалімі Тажибаева Жанар Карибаевна « Оқытудағы әдіс-тәсілдер қоржынынан» тақырыбында миға шабуыл сессиясын өткізді.

Шұбарши ЖОББ мектебінің бастауыш класс мұғалімі Когамбаева Гульазат Баксиковна мен физика пәні мұғалімі Бабалакова Меруерт Салимгереевна

«Сабақ барысында белсенділікті ойын арқылы дамыту» тақырыбында идеялар тоғысы сабағын өткізді.

Семинар соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жұмабаева Жумагуль Токсанбаевна семинарды қорытындылап, семинарда іс-тәжірибесін таратқан ұстаздарға алғыс хаттар табыстап, семинарды жоғары деңгейде бағалады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1