Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 сәуір күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледж базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар өтті. 

Семинар басында, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директор орынбасары Д.Халетова сөз алып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы, білікті де білімді маман болу үшін — әр педагог өз білімін, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы керектігіне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинар барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің география пәні оқытушысы, педагог-шебер К.Ниетбаева «Болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы жалпы білім беретін пәндердің рөлі»,  Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері Г.Акимова, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директорының ақпараттық технологиялар жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері М.Түленгалиева,  «ТжКОББ білім беру бағдарламасын әзірлеудегі педагогтардың рөлі», Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің әдіскері, «Үздік педагог-2022» республикалық конкурс иегері С.Ескалиева «Рефлексия оқу процесін жетілдіру құралы ретінде», Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері Б.Абельпеисова «Основные тренды обучения сегодня» тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Шара соңында, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің педагог-психологі Г.Шүйіншібаева әдістемелік семинар қатысушыларна рефлексия жасап,  сергіту сәтін өткізілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1